Әлем • 18 Желтоқсан, 2021

Солтүстік Кореяда 11 күн бойы күлуге тыйым салынды

699 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Корея билігі КХДР-дің бұрынғы басшысы Ким Чен Ирдің қайтыс болуының он жылдығына орай 11 күндік аза тұту кезінде тұрғындарға күлуге, туған күндерін атап өтуге және қатты жылауға тыйым салды, деп хабарлайды Egemen.kz  Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Солтүстік Кореяда 11 күн бойы күлуге тыйым салынды

Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар бос уақытында сауда жасап, алкоголь іше алмайды.

Өткен жылғы аза тұту күндері мас адамдар қамауға алынған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мұндай адамдар идеологиялық қылмыскерлер болып саналады.

«Егер отбасыңыздың бір мүшесі аза тұту кезінде қайтыс болса, сізге қатты жылауға рұқсат етілмейді және аза тұту аяқталғаннан кейін ғана мәйітті жерлей аласыз»,  деген ойымен бөлісті жергілікті тұрғындар.