Әлем • 19 Желтоқсан, 2021

Пәкістанда лаңкестік шабуыл жасалды

480 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пәкістанның оңтүстік-батысында болған лаңкестік әрекеттің салдарынан бір адам қаза тауып, тағы он адам жараланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Пәкістанда лаңкестік шабуыл жасалды

Лаңкестер Белохистан провинциясының Кето қаласындағы базарда жарылғыш затты іске қосқан.  

«Жарылыс салдарынан үш әйел мен жеті ер адам зардап шекті»,  деп жазылған хабарламада. 

Бомба базарда тұрған мотоциклге қойылған. Тәртіп сақшыларының айтуынша, қуанышқа орай, ауа температурасының қалыптан тыс төмен болуына байланысты базар ертерек жабылып, зардап шеккендер аса көп болмаған. 

Әзірге шабуылды ешқандай топ өз мойнына алған жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Қай өңірлерде жол жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 09:52

«Жасыл» энергия – жаһан үдерісі

Энергетика • Бүгін, 09:00

Ұлыс пен ырыстың негізі

Наурызнама • Бүгін, 08:50

Қарлығаш – құт-береке рәмізі

Наурызнама • Бүгін, 08:45

Кемел әулетінің кемеңгері

Қоғам • Бүгін, 08:40

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:35