Әлем • 20 Желтоқсан, 2021

2022 жылғы ТМД-ның мәдени астанасы анықталды

483 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдағы жылы ТМД-ның мәдени астанасы Қырғызстанның Қаракөл қаласы болады, деп жазады Egemen.kz.

2022 жылғы ТМД-ның мәдени астанасы анықталды

Қырғызстан Сыртқы істер министрлігінің дерегінше, 18 желтоқсанда Садриддин Айни атындағы Тәжік мемлекеттік академиялық опера және балет театрында «Душанбе – ТМД-ның мәдени астанасы – 2021» жылының салтанатты жабылу рәсімі өтті.

«Іс-шарада 2022 жылғы эстафета Қырғызстанның Қаракөл қаласына берілді», делінген хабарламада.