Әлем • 20 Желтоқсан, 2021

Израильде коронавирустың бесінші толқыны басталды

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Израиль премьер-министрі Нафтали Беннет елде коронавирустың бесінші толқыны басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Израильде коронавирустың бесінші толқыны басталды

Үндеуінде Беннет халықтан бетперде киіп, әлеуметтік қашықтықты сақтауды сұрады. Сондай-ақ, жеке жұмыс берушілерден өз жұмысшыларына мүмкіндігінше үйден жұмыс істеуге рұқсат беруін сұрады. Ол жақын арада мемлекеттік сектор үшін қажет шешімдер қабылданатынын айтты. Беннет ата-аналарды балаларына вакцина салдыруға шақырды.

«Балаға қарсы вакцина қауіпсіз. Бұл - ата-аналардың міндеті. Балаларыңызды омикрон штамынан сақтау керек. Бағымыз бар, барлығына қамқорлық жасайтын елде өмір сүреміз. Израиль үкіметі вакциналарды қолжетімді ету үшін барлық шараны қабылдап жатыр. Кез келген жолмен сатып аламыз, бірақ сайып келгенде, жауапкершілік сізге, ата-аналарға жүктеледі», деді ол.

Елде анықталған жағдай саны 175-ке жетті, бұл бір күн бұрынғыға қарағанда 40-қа көп. Осы 175 жағдайдың көпшілігі (113) Израильге шетелден, соның ішінде Оңтүстік Африка, Ұлыбритания, Франция, АҚШ, БАӘ, Венгрия, Италия, Намибия, Танзания, Германия, Марокко, Испания, Сербия, Бельгия, Кипр және Түркиядан келген.