Кәсіпқой бокс • 21 Желтоқсан, 2021

Махмұд Сабырхан алдағы жоспарымен бөлісті

344 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сербия астанасы Белград қаласында өткен әлем чемпионатында жасындай жарқырап күміс медаль иеленген, мамандар «Қазақ Ломаченкосы» атап кеткен Махмұд Сабырхан алдағы жылға арналған жоспары жайлы әңгімеледі, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Махмұд Сабырхан алдағы жоспарымен бөлісті

«Ересектер арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлде бұйырды. Әлбетте, мен алтын жүлдемен оралуды армандаған болатынмын. Алайда Белград төрінде ол арманым орындалмады. Әйткенмен сол күмісті алтынға айналдыру жолында тер төгуге әзірмін. Енді мен болашақта үлкен жетістіктерге жету үшін бұрынғыдан екі есе еңбектенемін. Келесі жылдың басты аламаны – Азия ойындары. Қытайда жалауы желбірейтін жарысқа дайындықты қазірден бастап кеттім», дейді талантты боксшы.