Қазақстан • 22 Желтоқсан, 2021

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласының дамуы – тұрақты болашақ кепілі

4457 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 2020 жылдың қазанында онлайн форматта өткен төртінші отырысында 2021 жылды Тәуелсіздіктің 30 жылдығы деп жариялау туралы шешім қабылдады. Осы қысқа мерзім ішінде ел өте қарқынды дамып, орасан жетістіктерге қол жеткізді. 30 жыл ішінде экономикамыздың іргесі қаланып, сонымен қатар ғылым, әлеуметтік сала, саясат, мәдениет және спортта айтарлықтай белестерге жеттік.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласының дамуы – тұрақты болашақ кепілі

Дамыған елдерде маңызды сала­лардың бірі – тағам және қайта өңдеу өнеркәсібі. Өз кезегінде бұл саланың дамуы ғылымсыз мүмкін емес, ал Қазақстанның тағам және қайта өңдеу өнеркәсібінің ғылыми әлеуетін құрумен айналысатын мекемелердің бірі – «Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институты» ЖШС (әрі қарай ҚҚӨжТӨҒЗИ). Институт 1954 жылдан бастау алып, 1993 жылы Алматыда шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мем­лекеттік кәсіпорны болып, жа­ңа дамуын бастады. 2016 жылдан бас­тап «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ еншілес ұйымының қатарына кірді.

ҚҚӨжТӨҒЗИ – Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің қайта өңдеу және тағам өнеркәсібі мәселелерін шешетін жетекші ғылыми мекеме. Институтта ғылыми зерттеу­лер жүргізуде тәжірибесі мол, бі­ліктілігі жоғары қызметкерлер жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда ҚҚӨжТӨҒЗИ Білім және ғылым министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырысы бойынша бағдарламалық қаржыландыру және «Ғылым қоры» АҚ коммерцияландыру жобалары аясында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізеді. Қа­зақс­тандағы 100-ден астам та­ғам өң­деуші кәсіпорын ғылыми ақпа­рат­пен қамтамасыз етілген. Ин­ст­итут мал шаруашылығы өнім­дерін өңдеу, нан-тоқаш, шырын және шырын өнімдері өнеркәсібінің технологиясы мен бар­лық мәселесі бойынша консультация берумен айналысады, тапсырыстар бойынша барлық өңірде де, жекелеген кәсіпорындарда да жұмыс істейді.

Институттың негізгі мақсаты – агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық әле­уетін арттыруға бағытталған, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеудің ғылымды қажет ететін өнімдерін алу.

ҚҚӨжТӨҒЗИ құрамында Ал­матыда орналасқан бас институтпен қатар, Нұр-Сұлтан және Семей қалаларында филиалдар бар. Бас институт пен оның филиалдарына ғылыми-конструкторлық зертханалар, тәжірибелік өндірістік қондырғылар кіреді.

Институт қызметінің негізгі ба­ғыттары: Қайта өңдеу және тағам өнер­кәсібінде жаңа технологиялар мен жабдықтарды қолданудың тиімділігін бағалау, мал және өсімдік шикізатынан азық-түлік өндірісінің жаңа жабдықтары мен технология­ларын жетілдіру мен әзірлеу бо­йынша жұмыстарды орындау, оның ішінде наубайхана, кондитерлік өнімдер үшін жеміс-көкөніс, ет және сүт, сыра мен алкогольсіз сусындар, шарап жасау, жемшөп және басқа да салалар кіреді; Шикізаттың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жаңа функционалды тағам өнімдерін, соның ішінде ұлттық өнімдерді, сондай-ақ тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды алу мақсатында өсімдіктер мен жануар­лар шикізатын терең және күрделі өңдеуге арналған жабдықтардың оңтайлы технологиялық режім­дері мен конструкцияларын қа­лыптастыру; Тамақ өнеркәсібі үшін микроорганизмдердің генофонын қалыптастыру, сақтау және дамыту; Ұлттық ауылшаруашылық ғылыми-зерттеу орталығының институттарымен бірлесе отырып, өсімдіктер мен жануарлар шикізатын терең өңдеу және жаңа азық-түлік өнім­дері мен мал азығын өндіру тех­нологиясының алғашқы талаптарын негіздеу; Агроөнеркәсіп кешенін нормативті-әдістемемен қамтамасыз ету; Тағам өндірісінің заманауи әдістері мен технологияларының трансферті және бейімделуі.

Мемлекет басшысы 2021 жылдың 1 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына Жолдауында ең маңызды міндет елдің өндірістік әлеуетін толықтай дамыту деп атады. Осыған байланысты Үкіметке ішкі және сыртқы нарықта өңдеуші кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мін­де­ті жүктелді.

Кез келген мемлекеттің өнер­кәсібі – материалдық өндіріс сала­ларының симбиозы. Олардың мақ­саты шикізат өндіру, материалдар мен энергия өндіру мен өңдеу, машиналар, әртүрлі тауар жасау, сонымен қатар халыққа қызмет көрсету.

Индустрия және инфра­­­құ­ры­лым­дық даму минис­трлігі өңірлермен бірге өнеркәсіптің әртүрлі сектор­ла­рын қамтитын өңірлердің ерек­шеліктері мен бәсекеге қабілетті ар­тық­шылықтарын ескере отырып, индустрияландыру картасын құрды. Өңірлерде 18 мыңнан астам жаңа тұрақты жұмыс орындарын құрумен жалпы сомасы 995 млрд теңгені құрайтын 206 жобаны пайдалануға беру жоспарланған.

Агроөнеркәсіп кешенінде тағам өнеркәсібі саласында жаңа өндіріс­тердің ең көп саны – 76 жоба, құ­рылыс материалдары мен машина жасау үшін 38 және 19 жоба.

Ауылшаруашылық шикізатын қайта өңдеу, сонымен қатар жоғары сапалы, қолжетімді және бәсекеге қабілетті азық-түлік өнімдерін өндіру – республиканың экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал ететін елдің азық-түлік қауіпсіздігін қам­тамасыз етудегі агроөнеркәсіп кеше­нінің басым міндеттерінің бірі.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақ КСР-нен қалған шағын және ірі кәсіпорындар, зауыттар, цехтар ыдырап, елдің қайта құрылымдалуына қарамастан агроөнеркәсіп кешенінің қарқынды өсуі байқалды. Азық-түлік және қайта өңдеу өнеркәсібін дамытудың негізгі мақсаты – өнім­нің өзіндік құнын төмендету мен ауылшаруашылығы шикізаты мен оны қайта өңдеу өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыру. Бұл мәселені шешу үшін біздің институт ауыл шаруашылық ресурс­та­рын үнемдейтін технологияларды ұсынады. Мысалы, астық өнім­де­рінің экспорттық әлеуетін арт­тыру мақ­са­тында институтта глюкоза-фруктоза сироптары, ауыл­­шаруашылық жануар­ла­ры­на ақуыздық қоспалар, амин­қыш­­қыл­да­­рын алу, глютенсіз нан өнім­де­рі, құрамында пектин мен инулин бар же­містер мен көкөніс сусындары, ет, сүт және май өнер­кә­сібінің экс­порттық әлеуетін арттыру үшін түйе, бие мен қой сүтінен жаңа сүт өнімдерін, өсімдік майлары негізінде гидрленген және эфирленген майларды өңдеу бойынша жаңа технологиялар әзірленді.

Демек агроөнеркәсіптік кешеннің инновациялық жүйесінің негізгі мін­деттерінің бірі – инновациялар қорын қалыптастыруға және оларды өндірісте дамытуға қолайлы жағ­дайлар жасау. Алынған нәтижелер арасындағы айырмашылықтарды тегістеу. Бұл тұтынушыларға қол­жетімді инновациялардың сан­дық жиынтығын, сондай-ақ олар­дың агроөнеркәсіп қызметінің өн­ді­рістік, экономикалық және бас­қа көр­сет­кіш­терін жақсарту қабі­лет­тілігін біл­діреді.

 

Асан ОСПАНОВ,

техника ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА корреспондент-мүшесі,

Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасы