Qazaqstan jastary қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Adem сауда орталығында жастарға әлеуметтік-психологиялық, еңбек шарты, медицина, құқықтық және педагогикалық офлайн-онлайн түрде кеңестер берілді. Қазіргі кезде 200-дей жас арнайы дайындалған орталықта тәжірибеден өтіп, кәсіби мамандар кеңесін алды.
Жоба аясында фронт-офисте кәсіби мамандар әрбір жас адамды толғандырған сұрақтарға жауап беріп, арнайы сауалдама жүргізіп, қандай да бір мәселенің шешімін табуға ықпал етті. NEET санатындағы жастардың саны 3 мың адамды құрап отыр. Бұл мәселеге кеңінен назар аудару мақсатында еріктілер мен ресурстық орталықтардың мамандары тартылды. Сонымен бірге орталықтың жұмысы туралы әлеуметтік желілерде ақпарат тарады.
Жоба аясында Алматыға келіп, кетіп жұмыс істейтін жастар үшін арнайы байқау ұйымдастырылды. Үш кезеңнен тұратын байқаудың қорытындысы бойынша «Үздік шаштараз», «Үздік көлік механигі», «Үздік аспаз», «Үздік электрик», «Үздік доңғалақ жасаушы» сияқты кәсіби техникалық мамандықтардың жеңімпаздары анықталды. Бұл байқаудың қазылар алқасына жұмыс берушілер, кәсіподақ ұйымдарының өкілдері шақырылды.
Жоба аясында жеңімпаздар теория әрі тәжірибе жағынан біліктілігін арттырып қана қоймай, ақшалай сыйлықтарға ие болды.
АЛМАТЫ