Спорт • 22 Желтоқсан, 2021

Агапова октагонға шығады

126 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аралас жекпе-жек әлеміндегі ең белді ұйым – UFC-де өнер көрсететін қазақстандық Мария Агапова (10-2) келесі жекпе-жегін 2022 жылдың 5 наурызында өткізеді.

Агапова октагонға шығады

Аталған ұйымның ең жеңіл салмағында жұдырықтасатын Агапова Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтетін UFC 272 турнирі аясында украиналық Марина Морозбен (10-3) кездеседі. Агапова үшін бұл UFC-дегі төртінші жекпе-жек болмақ. Жерлесіміз бүгінге дейін үш мәрте октагонға шығып, оның екеуінде қарсыласынан басым түскен. Ал бір айқасында жеңілістің кермек дәмін татуға мәжбүр болды. Ал қарсыласы UFC-де 8 жекпе-жек өткізіп, оның бесеуінде жеңіске жеткен.