Аймақтар • 22 Желтоқсан, 2021

Түркістан облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

1 мин
оқу үшін

Жеке инвесторлар Түркістан облысында мұнай өңдеу зауыттарын салады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Қазір «Standart Рetroleum & Со» компаниясы қуаты 2 млн тонна болатын мұнай өңдеу жобасын жүргізіп жатыр.

«Жоспар бойынша 260 мың тонна бензин, 500 мың тонна дизель отынын өңдеу көзделген. Белгілі болғандай, «Standart Рetroleum & Со» компаниясы көмірден синтетикалық мұнай шығару және одан әрі мұнай өнімдерін алу арқылы қуаты 100 мың тонна болатын жобаны жүзеге асыруда. Аталған жоба 2023 жылы аяқталады», дейді Үкімет отырысында Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев.

Үкімет отырысында белгілі болғандай, Шымкент зауытында 2022 жылы мұнай өндіру көлемін 800 мың тоннаға, Ақтау битум зауытында битум өндіру блогын жаңғырту арқылы өндіріс қуатын жылына 50 мың тоннаға дейін ұлғайту жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар

Бұрхансайдың таңбалы тастары

Аймақтар • Бүгін, 08:40

Кімдерге рақымшылық жасалады?

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:20

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 08:13

Alatau City және инвестициялық жоспар

Инвестиция • Бүгін, 07:40