Оқиға • 22 Желтоқсан, 2021

ШҚО-да демалыс базасынан өрт шықты

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы демалыс базасында шыққан ірі өрт сөндірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-да демалыс базасынан өрт шықты

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін таңғы сағат 07.00 шамасында Глубокое ауданындағы демалыс базаларының бірінде өрт шыққан.

Белгілі болғандай, тау шаңғысы жабдықтарын жалға беретін ғимараттың ағаш құрылымдары отқа оранған.

«Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл жетті. Құтқарушылар тілсіз жаудың көршілес орналасқан басқа нысандарға таралуына жол бермеді. Көп ұзамай жалпы ауданы 140 шаршы метрге жеткен қызыл жалын толықтай ауыздықталды. Зардап шеккен ешкім жоқ», делінген ақпаратта.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 16 адам мен 4 техника жұмылдырылды.

Оттың шығу себебі – электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаудан болуы мүмкін.