Әдебиет • 24 Желтоқсан, 2021

Жас ақындар жарқылы

545 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Айтыс – қазақтың ата өнері. Екі шекті домбыраның ырғағымен елдің ықыласына бөленген ақындар қарапайым халық үшін қашан да қымбат. Оған біз ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткен жас ақындар айтысында куә болдық.

Жас ақындар жарқылы

Рухани шараны Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы және Қазақстан Жас­тарының Конвенті ұйымдастырды. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлт­тық университетінде өткен дүбірлі жыр додасына жер-жерден келген 14-29 жас аралығындағы айтыс өне­рінің жас қырандары қатысты. Жыр бәйгесіне Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерман бастаған елге белгілі қаламгерлер қазылық етті.

Іс-шараның мақсаты – жас дарын­дардың көпшілікке шеберлігін көрсету, оларды отансүйгіштікке тәрбиелеу және ұлттық сана-сезімін ояту. Сахнаны жырға бөлеген ақындар бұл үдеден шықты деген ойдамыз. Оған шара барысындағы көрерменнің ілтипаты дәлел.

Айтысты құттықтау сөзбен ашқан университет ректоры Ерлан Сыдықов Қазақ әдебиеті кафедрасының профес­соры, филология ғылымдарының докторы Аманжол Әлтайдың кеудесіне «Күлтегін» медалін тағып, иығына шапан жапты. Одан кейін қазылар алқасының төрағасы Жүрсін Ерманға студенттер қауымының атынан сый-сияпат жасады.

Қорытындылай келгенде, бірінші орынға Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Фило­логия факультетінің студен­ті Абзал Мақаш ие болды. Ал екін­ші тұ­ғырға Қазақ ұлттық өнер уни­вер­ситетінің студенті Ақбота Ма­нарбекова мен Т.Жүр­генов атындағы Қазақ ұлт­тық өнер ака­демиясының студенті Мейір­­бек Саламатов шықты. Сондай-ақ үшінші сатыдан Л.Н.Гумилев атын­да­ғы ЕҰУ Журналистика және сая­сат­тану факультетінің студенті Ерасыл Бай­ментаев, «Астана» медицина уни­вер­ситетінің студенті Сағыныш Смет, Х.Дос­мұхамедұлы атындағы Аты­рау мемле­кеттік университетінің сту­денті Фариза Жетпісбаева көрінді.