Басылым мәліметтеріне сәйкес, ірі жол апатынан бірнеше адам түрлі дене жарақаттарын алған.
Оқиға алтыншы автобанда орын алды. Қазір бұл жол екі бағытта да толығымен жабылды. Апаттың себебі - қалада жауған мұзды жаңбыр.
«Жоғарғы Франконияда мұзды аралас жаңбыр жауды. Апат орнына аттанған біздің әріптестеріміз де біраз қиындықтарға тап болды», дейді тәртіп сақшылары.