Бұл туралы Диапазон басылымы жазады.
Динара Дүйсенбаева 57 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, украиналық қарсыласын жеңді.
Ақтөбе әуежайында чемпион қызды туыстары, достары, курсанттары мен әріптестері және спорт сүйер қауым гүл шоқтарымен және сыйлықтармен қарсы алды.
«Мені қолдауға келгендеріңіз үшін көп рақмет. Кешкі рейс болса да көп адам жиналыпты. Өте тебіреніп тұрмын, бұл біздің ортақ жеңісіміз. Өзіне деген сенімді талап еткен жарыстағы жеңісімді еліме, Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнаймын. Чемпионат кезінде маған қолдау көрсеткен жандарға рақмет», деді спортшы.
Динара әмбебап ұрыстан және пышақ лақтырудан Қазақстанның халықаралық дәрежедегі спорт шебері, дзюдо мен самбодан Қазақстанның спорт шебері.