Білім • 27 Желтоқсан, 2021

Үздік студенттер ақы төленетін іс-тәжірибеден өтті

536 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Еліміздің жоғары оқу орындарының 150-ден аса студенті «ҚазТрансОйл» АҚ-на ақы төленетін өндірістік тәжірибеден өтті. Осылайша, жетекші жоғары оқу орындарының үздік студенттері іріктелді.

«ҚазТрансОйл» АҚ Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен инженер-техникалық және мұнай-газ мамандықтары бойынша кадрларды даярлау жөніндегі жобаны 2019 жылы іске қосты, бірақ пандемия бастаманы іске асыруда кедергісін келтірді. Биыл компанияның кәсіпорындарында студенттік практика қайта жанданды.

Үздік студенттер ақы төленетін іс-тәжірибеден өтті

– Бұл – болашақ мамандар даяр­лауға үлкен үлес. «ҚазТрансОйл» АҚ өнді­ріс­тік объектілерінде жас­тарды оқы­та отырып, біз мұнай құбыр­шы­ла­ры­ның жаңа буынын әзірлейміз, – деп атап өтті «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов.

«ҚазТрансОйл» АҚ адам ресурс­тарын басқару департаментінің менеджері Әсел Тұқманованың айтуынша, 2020 жылы елімізде енгізілген карантиндік шараларға байланысты «ҚазТрансОйл» АҚ-на ақы төленетін кәсіптік практика тоқтатылып, 2021 жылғы қазаннан бастап қайта басталды. Жыл соңына дейін біздің компанияда 150-ден астам студент практикадан өтеді.

Іріктеу кезінде студенттердің үл­герімі мен белсенділігі ескерілді. Осы жылғы практиканттардың арасында көшбасшылық қасиеттері бар болашағы зор жастар көп.

– Мен Талдықорғанда көп балалы отбасында туып өстім. ҰБТ-да 140-тан 125 балл жинап, «Мұнай-газ ісі» ма­мандығы бойынша ЖОО-ға түстім. Уни­верситетте мен оқу саламмен байланысты іс-шараларға және кон­курстарға белсенді қатысамын, сон­дай-ақ волонтерлік қызметпен айналысамын. Мені «ҚазТрансОйл» АҚ-қа ақы төленетін тағылымдамаға қа­былданғаным туралы жаңалық таң қалдырды, өйткені бұл студенттер үшін үлкен мүмкіндік. Операторлық қыз­меттер департаментіне келіп, Қа­зақ­станның мұнай құбырлары жүйесі, технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйе­лері және метрология туралы көп ақпарат алдым. Бұл тағылымдама маған теориялық білімімді іс жүзінде қолдануға көмектесті. Алған білімім және дағдыларым үшін біздің ментор­лары­мызға шексіз ризамын және бо­ла­шақта маған еліміздің жетекші ұлт­тық компаниясында жұмыс істеу мүмкіндігі пайда болады деп үміт­тенемін, деді Қазақ-Британ техникалық университетінің 4-курс студенті Еркежан Айтмолда.

Студенттерге мұнай тасымалдау са­­ласының ерекшеліктерін зерттеу­ге олар­ға бекітілген кураторлар көмектесті.

– Біз студенттерді мұнай тасы­мал­дау­дың технологиялық процесі­мен таныстырдық, оларға бас диспет­черлік басқарманың жұмысы көр­сетілді. Студенттер жұмыс про­це­­сіне қатыстырылып, оқуға қызы­ғушылықтарын арттырды. Бола­шақта бұл жастар біздің компания жұмыскерлерінің қатарын толық­тырады деп үміттенеміз, – деді «ҚазТрансОйл» АҚ операторлық қызметтер департаментінің инже­нері Дәулет Кибатов.

Практика барысында колледжде өзіміз оқып танысқан аспаптармен жұ­мыс істеуді үйрендік. Бұған бізге басшылар көмектесті, олар еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойын­ша кіріспе нұсқама өткізді. Соны­мен қатар бізді арнайы киіммен, тегін тамақпен және тасымалдаумен қам­тамасыз етті, – деді Toraighyrov uni­versity 3-курс студенті Совет Әділ.

Көптеген студент үшін ақы төленетін өндірістік тәжірибе бір айға болашақ мамандық бойынша «жұмыс істеуге» мүмкіндік берді. Осы уақыт ішінде диплом жұмысының тақырыбын таңдағандар да болды.

6554+6

– Мен Қарашығанақ кен орны ор­наласқан Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында дүниеге келдім. Бала кезімнен мұнай-газ секторындағы жұмысты естіп өстім. Бұл мамандық таңдауға әсер етті. «ҚазТрансОйл» АҚ-на практикадан өту кезеңінде дипломдық жұмысымның тақырыбын таңдадым. Мен үшін қазіргі өндірісте өзекті және сұранысқа ие болатын дипломдық жобаны жазу өте маңызды. Сонымен қатар университетте мен стратосферадан көміртекті алу бойын­ша стартап-жобалармен айналыстым. Мен экологияны сақтап, қоғам үшін пайдалы болғым келеді. Бұл факт практикадан өтуді таңдауға да әсер етті, өйткені мен «ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік объектілері көміртекті бей­тараптыққа қол жеткізетін елдің ірі кәсіпорындарының бірі екенін білемін, – деді Қазақ-Британ техникалық университетінің 4-курс студенті Карина Қанат.

Ақы төленетін практикадан өту барысында алынған практикалық білім мен дағдылардан басқа, студенттер компаниядағы еңбек қауіпсіздігі мәдениетінің жоғары деңгейін атап өтті.

– Бір ай бойы мұнай тасымалдау департаментінде жұмыс істедім. Бұл департаментті «ҚазТрансОйл» АҚ-ның «жүрегі» деп айтсам қателес­пеймін. Біз нақты жобалармен жұмыс істедік, құбыр желілерінің сызбаларын жинадық, мұнай тасымалын қа­дағаладық, оқуды тренажер-симу­ля­торлардың көмегімен өткіздік. «ҚазТрансОйл» АҚ-ның әрбір жұ­мыс­кері бізге әрдайым көмектесуге дайын болғаны қуантады. Сондай-ақ ком­­пания ақпараттың қауіпсіздігін мұ­қият қадағалайды. Компьютердегі жұ­мыскерлердің деректері әрдайым қор­ғалады. Жеке өзім электронды поштаға келетін «спам» хабарламаларды ашудың қажеті жоқ екенін білдім, себебі ол қауіпті болуы мүмкін, деді – Қазақ-Британ техникалық универ­си­тетінің 4-курс студенті Аяжан Бейсенбаева.

Жастардың компания жұмыс­кер­ле­рі сияқты қоршаған ортаға ұқыпты қарауы – маңызды факторлардың бірі.

– Мысалы, практикадан өту ке­зінде біз «ҚазТрансОйл» АҚ-ның барлық жұмыскері сияқты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптауға қатыстық. Мұны істеу өте оңай болды, өйткені әр қабатта қоқысты бөлек жинауға ар­налған сауыттар бар. Сонымен қатар ком­пания жұмыскерлері қағазды үнем­ді жұмсайды және әр қабатта ор­на­ласқан ортақ принтерлерді пайдаланады. Мұның барлығы «ҚазТрансОйл» АҚ ұстанатын «Жа­сыл» кеңсе ережелеріне сәйкес келеді, – деді Satbayev University 4-курс студенті Сұлтан Жұмағұл.

Тағылымдамадан өтушілер ком­панияның қоғамдық өміріне белсенді қатысты. Жастар еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы «Алтын ережеге» қанық болғаны соншалық, практикадан өту аяқтал­ғаннан кейін «ҚазТрансОйл» АҚ әлеу­меттік желілердегі ресми парақ­ша­сында жариялаған роликтер сериясын дайындады.

– Шығармашыл жастардың біздің компаниямыздағы жұмысқа басқа қырынан қарағаны тамаша. Олармен әңгіме барысында қолданбалы білімдерден басқа, мобилография және SMM сияқты қажетті дағдылары бар екенін білдік. Қарқынды дамып келе жатқан компания ретінде біз жаңа ұсыныстарға ашықпыз және бұл практика студенттердің «ҚазТрансОйл» АҚ-на өздерін көрсетуге үлкен мүм­кіндік берді. Мысалы, практиканттар «Компания жұмыскерлерімен бір күн» айдарын ұсынды, онда түрлі кәсіп өкілдері өз қызметтері туралы­ әңгімелеген. Бізге бұл идея ұнады, – деді «ҚазТрансОйл» АҚ жұрт­шы­лық­пен байланыс және ішкі коммуникациялар департаментінің директоры Гүлнар Бисаринова.

Ақы төленетін іс-тәжірибеден өткен студенттердің алған білімдері оларды Қазақстанның магистралды мұнай құбыры бойынша ұлттық оператордың жұмыскерлері болуға ынталандырады және елдің мұнай тасымалдау саласын дамытуға ықпал етуге мүмкіндік береді.

 Меруерт ШУКУЕВА