«Мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардың инвестицияларының қатысуымен бір ғана объектілердің құнын көтеруді болдырмау үшін epsd.kz мемлекеттік сараптама порталында онлайн-калькулятор енгізе отырып, құрылысқа жұмсалатын шығындардың шекті лимиттері белгіленді», деді Бейбіт Атамқұлов Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, бірыңғай сметалық бағалар, сметалық бағалар анықтамалары (прайс-парақтардың орнына) әзірленуде.
«Бұл өңірлер бойынша сол бір объектілерді салу құнының ауытқуын, сондай-ақ жобалау және жобалау - сметалық құжаттаманы сараптау кезеңдерінде жобалардың сметалық құнының жоғарылауын болдырмайды», деп түйіндеді ИИДМ басшысы.