Қоғам • 28 Желтоқсан, 2021

Жыл соңына дейін қанша тұрғын үй салынады?

414 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов жыл соңына дейін Қазақстанда қанша тұрғын үй тұрғызылатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жыл соңына дейін қанша тұрғын үй салынады?

«Биыл біз 17 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 163 мың тұрғын үй салуды қамтамасыз етуіміз керек. Алдын ала деректер бойынша, 26 желтоқсандағы жағдай бойынша 16 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғын үй құрылысы қарқынының артуы өткен жылмен салыстырғанда 12 өңірде байқалады», деді Бейбіт Атамқұлов Үкімет отырысында.

Министр құрылыс жұмыстарының көлемі туралы баяндады. Оның айтуынша, елдің ЖІӨ-дегі құрылыс саласының үлесі 2020 жылдың қорытындысы бойынша 6,1%-ды құрайды, ал болжамды деректер бойынша 2021 жылдың қорытындысы бойынша 6,25% күтілуде.

«2021 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 4,6 трлн теңгеге орындалды, бұл 2020 жылдың деңгейінен 6,2%-ға жоғары», деп атап өтті министр.