Аймақтар • 28 Желтоқсан, 2021

Атырауда 70 келіге жуық бекірені тасымалдағандар ұсталды

521 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда полицейлер 70 келіге жуық бекіре тұқымдас балықты заңсыз тасымалдаған екі адамды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда 70 келіге жуық бекірені тасымалдағандар ұсталды

Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиевтің мәліметінше, бағалы балық «Бекіре-2021» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде тәркіленген.

«Полиция қызметкерлері 21 желтоқсанда «Ақтөбе-Астрахань» тас жолы бойында тексеру жүргізіп, ер адамның көлігінен полиэтилен пакетіне салынған 23 дана бекіре тұқымдас балық табылды. Бағалы балықтар  «Жайық-Атырау» бекіре шабағын өсіру зауытына тапсырылды. Балықтың салмағы 67 келі 600 грамды құрап, сәйкес құжаттар жасақталды. Қазір бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз тасымалдаған көлік жүргізушісі мен жолаушысына қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 339-бабының 2-бөлігі, 5-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», дейді Қамза Үмбетқалиев.