Әлем • 28 Желтоқсан, 2021

Пәкістанда алты адам тұрмыстық газдан уланып көз жұмды

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пәкістанның солтүстік-батысында сейсенбі күні тұрмыстық газдың таралып кетуінен кем дегенде алты адам көз жұмды. Олардың ішінде үш бала болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Пәкістанда алты адам тұрмыстық газдан уланып көз жұмды

Бұл туралы «Синьхуа» агенттігі мәлімдеді.

Агенттіктің хабарлауынша, тағы үш адам қатты уланып, ауруханаға жеткізілген. Оқиға елдің солтүстік-батысындағы Хайбер-Пахтунхва провинциясының Хангу ауданында болған.

Құтқарушылар жергілікті БАҚ өкілдеріне үйдегі адамдар жылыну үшін газ жылытқышын іске қосқандығын мәлім еткен.