Аймақтар • 28 Желтоқсан, 2021

Республикалық байқауда жеңімпаз атанған полицейлер марапатталды

352 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев полиция жұмысын «сервистік моделге» көшіруді тапсырған болатын, деп жазады Egemen.kz.

Республикалық байқауда жеңімпаз атанған полицейлер марапатталды

Тапсырманың өз деңгейінде орындалуы Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаев тарапынан қатаң қадағаланып, бақылануда. Яғни сыртқы құрылым болып саналатын және халықпен үнемі байланыста болатын учаскелік инспекторлардың жұмысы жіті қаралуда.

Инспекторлардың жұмыс көрсеткіші жоғарылау үшін жағдай жасалып, жабдықтармен қамтамасыз етілуде. Бұдан бөлек әлеуметтік желіге республика көлемінде іріктеліп алынған учаскелік полицейлердің суреттері мен жеке мәліметтері жарияланып, оларға тұрғындар тарапынан басылған лүпіл мен қолдау жазбалары сарапталды. Сараптау нәтижесінде республикалық байқауда дауыс берушілердің пікірі бойынша Түркістан облысы полиция департаментінің Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Нұрлыбек Асанханов «қалалық жердегі полицияның үздік учаскелік инспекторы» атанды. Ал Келес аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Бекжігіт Асабаев «үздік учаскелік полиция инспекторы» деп танылды. Тәртіп сақшыларының марапаттарын Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков барлық ауданның полиция басшылары және жеке құрам жиналған, жыл ішінде атқарылған жұмыстар қорытындыланған жиында табыс етті. Яғни «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен  полиция капитаны Нұрлыбек Асанханов, бір саты жоғары полиция подполковнигі арнаулы атағы полиция майоры Бекжігіт Асабаевқа, «Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін» кеуде белгісі полиция полковнигі Дәуренбек Ахметовке берілді.

д

Сондай-ақ Ресей Федерациясында каратэ-до шотоканнан 9 мемлекет арасында өткен Әлем Кубогында Қазақстан Республикасының атынан жарысқа қатысып, 68 келі салмақ дәрежесінде I орынға ие болған  полиция аға лейтенанты Айгерім Нуридин, самбо күресінен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Қабанбай батырдың 330 жылдығына орай Семей қаласында өткен «Қабанбай батыр мемориалы» республикалық турнирінде әйелдер арасында 65 келі салмақ дәрежесінде II орын алған полиция лейтенанты Айнұр Ақжігітова, Түркістан қаласында өткен «Грэплинг» күрес түрінен [алықаралық турнирде 83 келі салмақ дәрежесінде жүлделі 2-орынды иеленген полиция капитаны Жәнібек Айдарбек алғыс хат және кубоктармен марапатталды.

Облыстың бас полицейі барлық тәртіп сақшыларын жеңістерімен құттықтап, қызметтеріне табыс пен сәттілік тіледі.