Аймақтар • 28 Желтоқсан, 2021

Алматыда жаңа тұрпатты мектептер ашылды

896 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алматының екі ауданында 3300 орынды жаңа мектеп ашылды. Осы жылы Алматыда қалалық бюджет есебінен 18 оқу орны салынып, онда 11 563 оқушы үшін қолайлы жағдайлар жасалған.

Алматыда жаңа тұрпатты мектептер ашылды

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары кезінде Наурызбай ауданы Қалқаман-2 шағын ауданда ашылған 1800 орынды №206 және Алатау ауданының Томирис шағын ауданында салынған №205 мектеп жұмысымен танысты. Заманауи жиһаздармен, қажетті оқу құрылғыларымен жабдықталған бұл мектепте 1500 бала білім алатын болады.к

Толықтай жабдықталған мектеп келесі тоқсаннан бастап қабылдауға дайын. Қазіргі кезде оқушылардың тізімі жасақталуда. Айта кетерлігі, жаңа мектептер типтік жобалар бойынша салынбаған. Жобалау кезінде оқу орындарына қойылатын жаңа стандарттар арнайы әзірленіп, қабылданды. Олар заманауи сәулет, ойластырылған дизайн, кең сыныптар мен қоғамдық кеңістігі бар эргономикалық интерьермен ерекшеленеді. Жоба авторлары әр орынның ауқымдылығына қолжеткізуді мақсат етті. Мұнда бал арасының ұясы тәрізді кабинеттер ерекше назар аудартады.  Бұл нысан үй-жайлардың барынша табиғи жарықтандырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Кең дәліздер мектеп ішінде еркін жүруге мүмкіндік береді.Мұнда балалар мен мұғалімдердің жайлылығы үшін барлығы жасалған. Мектептерде спорт залдары, асхана, зертхана және басқа да сыныптар қарастырылған. Стадиондары жарақтанған мектептердегі барлық кеңістіктер барынша көгалдандырылған. Face ID зауамануи жүйесі қауіпсіздік үшін аса қолайлы.  Ата-аналар балалардың мектептегі уақытынан хабарламалар ала алады. Үш жақтан кіретін жеке топтар қауіпсіз санитарлық-эпидемиологиялық режімді қамтамасыз етуге мүмкіндік алады. Еске сала кетер болсақ, бұрындары Наурызбай ауданынның Ақжар шағын ауданында №186 мектептің жаңа корпусы ашылған болатын. Ал келесі жылы Қалқаман шағын ауданда 1500 орынды мектептің, Қарғалы шағын ауданындағы «Зерде» жеке меншік мектебінің, Шұғыла шағын ауданында 1200 және 1500 орынды екі мектептің, Құрамыс шағын ауданында 1200 орынды мектепің құрылыстарын аяқтау, №15 санаторлық-мектеп интернатты реконструциялау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Алатау ауданында биыл 125 орынды №166 мектептің жаңа корпусы пайдалануға берілді. Саялы, Нұркент, Дархан және Рахат-Мәдениет шағын аудандарында 6300 орынды 4 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оларды 2022 жылы аяқтау жоспарланған.

Сонымен қатар, Саялы-2 шағын ауданында 550 орынды және Зерделі шағын ауданында 600 орынды мектеп құрылыстарының жоспары әзірленуде. Шапағат шағын ауданында 600 орынды мектеп құрылысы үшін №150 мектепке іргелес жер учаскелерін сатып алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.