Кәсіпқой бокс • 29 Желтоқсан, 2021

Ол іш пыстыратын боксшы – Боб Арум

480 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

WBC және IBF тұжырымдары бойынша жартылай ауыр салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Артур Бетербиевтің промоутері Боб Арум сол салмақтағы WBA чемпионы Дмитрий Бивол туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол іш пыстыратын боксшы – Боб Арум

«Жанкүйерлер Артур Бетербиев пен Дмитрий Бивол арасындағы шайқасты тамашалағысы келетіні даусыз. Алайда бұл жекпе-жек Биволдың жұдырықтасу стиліне байланысты іш пыстырарлық деңгейде өтетіні сөзсіз. Ал жартылай ауыр салмақ дәрежесіне көз тіккен шын жанкүйерлер Бетербиев пен Браун арасында өткен шайқас секілді тартысты кездесуді көргісі келеді. Бивол сөзсіз мықты боксшы екені рас. Әйткенмен оның жекпе-жектері ешкімді қызықтырмайды», деді әйгілі промоутер.