Әлем • 29 Желтоқсан, 2021

Судандағы апаттан 40 адам көз жұмды

468 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Судандағы алтын кенішіндегі апат кезінде 40-тан астам адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz Al Arabiya телеарнасына сілтеме жасап.

Судандағы апаттан 40 адам көз жұмды

Ақпаратына сәйкес, апат орнында іздеу жұмыстарын жүргізу жалғасып жатыр. Бұған дейін кен орнында 46 адам болғаны туралы хабарланған.

Айта кетсек, жексенбі күні Батыс Кордофан штатындағы Эн-Нухуд ауданындағы Умм-Дарсая жеке меншік алтын кенішінде апат орын алды. Апат кезінде бірден бірнеше ұңғыма опырылып түскен, жердің астында болған кеншілер жоғарыға шыға алмай қалған.