Аймақтар • 30 Желтоқсан, 2021

Алматыда Ыбырай Алтынсаринге ескерткіш орнатылды

1448 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өмірін балаларды оқытуға арнаған ұлт ұстазының 180 жылдығында Ыбырай Алтынсаринге арналған ескерткіштің салтанатты ашылуына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда Ыбырай Алтынсаринге ескерткіш орнатылды

Осылайша Алматыдағы Ыбырай Алтынсарин атындағы көшеде қазақ халқының ұлы ағартушысы, жазушы, этнограф, қоғам қайраткерінің ескерткіш қойылды.

Салтанатты шараға Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, Ұлттық Ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов, зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері қатысты.

кІс-шара барысында қала әкімі Б. Сағынтаев Ыбырай Алтынсариннің мұрасы тек бір халық пен этнос үшін ғана емес, бүкіл адамзат үшін аса құнды екенін атап өтті.

Б. Сағынтаев білім беру саласының қала мен мемлекетті дамытудағы маңызын атап өтті. Сондықтан Алматыда мұғалімдерді қолдау, жаңа мектептер салу және оқу процесіне инновациялық идеяларды енгізу бойынша барлық шаралар қабылданып отыр.

Қола мен граниттен жасалған, биіктігі алты метрлік ескерткіштің авторлары – Данияр Сарбасов, Әлімжан Тоқбаев, Дулат Үсенбаев және Қанат Бегулиев.