Қоғам • 31 Желтоқсан, 2021

3,5 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

119 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Биыл Алматыда несиелендірудің мемлекеттік бағдарламалары аясында 3,5 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.

3,5 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

Несиелеу бағдарламаларының бюджеті осы жылы 47,3 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 49 пайызға артық (2020 жылы – 31,8 млрд теңге), оның ішінде жергілікті бюджет қаражаты – 28,9 млрд теңгені құрайды. Ал рес­публикалық бюджеттен бөлінген қара­жат – 18,4 млрд теңге. Бюд­жеттің 58 пайызы субсидия­лау және кепілдік беру құралдарына, ал 42 пайызы несие беруге жұм­салған. Бизнесті қолдаудың мем­лекеттік және өңірлік бағдар­ла­малары аясында 3 212 жоба қаржыландырылып, 278,4 млрд теңге жұмсалған.

Алматы қаласы әкімінің орын­­­басары Мақсат Қиқымов атап өткен­дей, қала бизнесі мем­л­е­­кеттік ­қолдаудың барлық шара­сын белсенді қолданып келеді. Мәселен, 2018-2019 жылдары негізінен ірі және орта кәсіпорындар қаржыландырылса, былтырдан бастап микро және шағын бизнесті қолдау мен қар­жыландыру бойын­ша көрсеткіш жақсарған. Санат­тар бойынша биыл барлық жоба­ның жартысынан астамын шағын бизнес құрайды. Сала­лар бөлінісінде негізгі үлес өнер­кә­сіпке және көлік­ке тиесілі. Аудандар бойын­ша қаржы­ланды­рыл­ған жоба­лардың ең көбі мега­полистің Әуезов, Алмалы, Бостандық және Алатау аудандарында орна­ласқан.

«БЖК–2025» бағдарламасына орай осы жылы 2 815 жоба қар­жыландырылып, 184,6 млрд теңге несие сомасы игерілген. Оның ішінде 231 жобаға бөлінген қай­тарымсыз инновациялық грант­­тың жалпы сомасы – 690 млн теңге. «БЖК-2025» бойынша жоба­­лардың ең көп саны келесі салаларда қаржыландырылды: көлік және қойма – 19,1, сауда және қызметтер – 18,9, өнеркәсіп – 14,3 пайыз.

Мемлекеттік бағдарламалар аясында «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша 41,7 млрд теңге несие сомасына – 28 жоба, «АӨК» бойынша 36,2 млрд теңге сомасына – 15 жоба, «Еңбек» бойынша 1,5 млрд теңгеге 102 жоба қаржыландырылды. Өңір­лік бағдарламалар аясында Almaty Business бойынша 8,9 млрд теңгеге – 119 жоба, Almaty Business – 2025 бойын­ша 5,5 млрд теңгеге 133 жоба қаржы­лан­дырылды.

Қала шетіндегі бизнесті қол­дау да маңызды бағыттардың бірі. Бағдарлама іскер­лік белсенділігі төмен аудан­­дарда танымал бола бас­тады. Оған қаланың 5 ауданы (Алатау, Әуезов, Жетісу, Наурызбай, Түрксіб) кіреді. Бүгін­де аталған аудандарда 3,3 млрд теңгеден астам сомаға 74 жоба қар­жыландырылған.

 

АЛМАТЫ