Футбол • 31 Желтоқсан, 2021

«Реалдың» бесінші ойыншысынан коронавирус анықталды

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мадридтің «Реал» футбол клубының бесінші футболшысы коронавирус індетін жұқтырып алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Реалдың» бесінші ойыншысынан коронавирус анықталды

Команданың сербиялық шабуылшысы Лука Йовичтің коронавирустық инфекция жұқтырып алғаны белгілі болды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі ресми ақпарат таратты. Лука Йовичке дейін қақпашы Тибо Куртуа, жартылай қорғаушылар Федерико Вальверде, Эдуард Камавинга, шабуылшы Винисиус Жуниор коронавируспен ауырып қалған болатын.