Үкімет қаулысымен Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Egemen.kz тілшісі хабарлады.
А. Қ. Жұмағалиев 1972 жылы туған. Суворов училищесін, Харьков ракета әскерлерінің жоғары командалық – инженерлік училищесін,Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін және Қазақ гуманитарлық заң университетін тәмамдаған.
Көлік және коммуникация министрлігінде Байланыс саласындағы мемлекеттік қадағалау басқармасының бастығы, Байланыс және ақпараттандыру комитетінің төрағасы болды. Сонымен бірге, Ақпараттандыру және байланыс агенттігі құрылған сәтте төраға орынбасары, одан кейін төраға міндеттерін атқарды.
2005 жылдың мамырынан бастап, Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болды. Ал 2006 жылы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды.2006 -2010 жылдар аралығында «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы болып қызмет атқарған.
Мемлекет басшысының Жарлығымен 2010 жылы Байланыс және ақпарат министрі және 2012 жылы Көлік және коммуникация министрі болып тағайындалды.
«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалімен марапатталған және оған 2005 жылы «Құрметті байланысшы» атағы берілді. Сондай-ақ, «Ю.А.Гагарин атындағы алтын медаль» мен «Құрмет» орденінің иегері.
Әмірхан Алмағанбетов.
Дереккөз: Egemen.kz.
Фото: Primeminister.kz.
• 12 Наурыз, 2014
Асқар Жұмағалиев Байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы болып тағайындалды

Олжас Бектенов: Шағын авиацияның әуе кемелерін сатып алу ісінде кемшіліктер бар
Үкімет • Бүгін, 13:57
«Қазсушар» филиалдарына 130 жаңа мотоцикл берілді
Қоғам • Бүгін, 13:31
«Келешек мектептері»: Елімізде 217 заманауи білім ошағы ашылды
Білім • Бүгін, 13:18
Премьер-министр теміржол вокзалдарын жаңғырту қарқынын сынға алды
Логистика • Бүгін, 13:01
Қостанай облысында жол апатынан 4 адам қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 12:51
Елімізде қар жауып, күн күрт суытады
Ауа райы • Бүгін, 12:42
Бибісара Асаубаева «Үміткерлер турнирінде» үздік үштікке енді
Спорт • Бүгін, 12:30
«Таза Қазақстан»: Орманшылар оқушылармен бірге ағаш екті
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:20
Атырауда дарынды балаларға арналған спорт мектебі салынып жатыр
Спорт • Бүгін, 12:12
Астанадағы көпқабатты үйдегі өрт: Зардап шеккен әйелдің жағдайы қалай?
Қоғам • Бүгін, 11:53
Қажылық сапары: Ел азаматтары үшін қауіпсіз әуе бағыттары ұйымдастырылады
Қоғам • Бүгін, 11:48
Еркін күрес шеберлері Бішкекте қос қоланы қанағат тұтты
Спорт • Бүгін, 11:36
Ғарифолла Әнестің 6 кітабы таныстырылды
Әдебиет • Бүгін, 11:13
Мемлекет басшысы Ирак президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 11:03