Аймақтар • 03 Қаңтар, 2022

46 жастағы көлік жүргізушісі қайтыс болды

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Тоуота Аlphard» автокөлігінің жүргізушісі қарама-қарсы жолға шығып, Ақтөбе облысының аумағындағы тас жолда қар тазалайтын жүк көлігімен соғысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

46 жастағы көлік жүргізушісі қайтыс болды

«3 қаңтар күні Алға ауданына қарасты Қайыңдысай ауылының жанындағы Самара-Шымкент автожолында «Тоуота Аlphard» автокөлігінің жүргізушісі Хобда ауылы маңынан Ақтөбе бағытына қарай келе жатып, қарсы жолға шығып, қар тазалайтын «КамАЗ» көлігімен соғысты», делінген полиция өкілдері таратқан ақпаратта.

Жол-көлі оқиғасы салдарынан «Тоуота Аlphard» автокөлігінің 46 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Одан бөлек 5 жолаушы, оның ішінде екі бала Ақтөбенің медициналық мекемелеріне жатқызылды.