Әлем • 03 Қаңтар, 2022

Ботсвана президенті коронавирус жұқтырып алды

309 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ботсвана Президенті Мокветси Масиси коронавирус жұқтырып алды. Ол өз-өзін уақытша оқшаулап ұстамақ. Енді оның міндетін вице-президент уақытша атқарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ботсвана президенті коронавирус жұқтырып алды

«Президент әкімшілігі Ботсвана Республикасының президенті доктор Мокветси Эрик Кибетсве Масиси өзінің резиденциясында міндетті түрде оқшауланғанын хабарлағысы келеді. Бұл қажеттілік COVID-19 тестінің оң нәтижесінен туындады», делінген Үкіметтің парақшасында жарияланған құжатта.

Мәлімдемеге сәйкес, 59 жастағы президенттен дерттің ешқандай белгілері байқалмаған. Бірақ ол дәрігерлердің бақылауында болуды жөн деп тапқан.