Экономика • 03 Қаңтар, 2022

Нұрлан Ноғаев Жаңаөзен халқына жағдайды түсіндірді

598 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Жаңаөзен қаласында сұйытылған газ бағасын төмендетуді талап еткен автокөлік иелерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрлан Ноғаев Жаңаөзен халқына жағдайды түсіндірді

Нұрлан Ноғаев жиналғандарға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша сұйытылған газ бағасын белгілеуге қатысты Үкімет қабылдаған шараларды түсіндірді.

Үкімет сұйытылған мұнай газының бағасын реттеу жөніндегі шаралар пакетін іске асыратын болады. Өңір басшысы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында газ құнын литріне 120 теңгеден 85-90 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылдағанын хабарлады.

«Баға дәліздерін белгілеу және газ бағасының алыпсатарлық жүйемен өсуіне жол бермеу арқылы ұзақ мерзімді баға тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша жүйелі шаралар жүзеге асырылады», деді Нұрлан Ноғаев кездесу барысында.