13 Наурыз, 2014

Жаңа басшыны таныстырды

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Премьер-Министр Се­рік Ахметов Мәдениет ми­нис­тр­лігінің ұжымына ве­домствоның жаңа басшысы Арыс­танбек Мұхамедиұлын та­ныстырды, деп хабарлады Пре­мьер-Ми­нистрдің бас­пасөз қызметі. «Мемлекет басшысының Жар­лығымен Арыстанбек Мұ­ха­медиұлы Мәдениет министрі болып тағайындалды. Мемлекет басшысы сізге осынау жұмыстың маңызды саласын сеніп тапсыр­ды. Президент көпұлтты Қазақ­стан­ның мәдениетіне, төзімділікті нығайтуға, ұлтаралық келісімге ай­рықша көңіл бөледі», деген Үкімет басшысы Мәдениет ми­нистрлігінің жаңа басшысына жұмыста табыстар тіледі. Премьер-Министр, сондай-ақ, ве­домствоның бұрынғы басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммедке атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді. М.Құл-Мұхаммедтің бас­шы­лығымен мәдениет және ақпарат саласында белгілі бір нәтижелерге қол жеткізілді, деген С.Ахметов «Сіз отандық мәдениет пен өнердің дамуына елеулі үлес қостыңыз», деп оның еңбегін атап өтті. Мемлекет басшысының Өкі­мімен М.Құл-Мұхаммедтің Пре­зидент кеңесшісі болып тағай­ын­далғанын еске саламыз.
Соңғы жаңалықтар