Коронавирус • 03 Қаңтар, 2022

«Баварияның» екі футболшысынан коронавирус анықталды

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Германиялық «Бавария» футбол клубының екі футболшысының коронавирус індетін жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы команданың ресми сайтында ақпарат тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Баварияның» екі футболшысынан коронавирус анықталды

Тест қорытындысы бойынша қорғаушы Лукас Эрнандес пен Танг Ньянзу Куассидің коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды. Екі футболшы да оқшауланды. Бұған дейін Мануэль Нойер, Кингсли Коман, Корентен Толиссо, Омар Ричардс секілді футболшылар және бас бапкердің көмекшісі Дино Топпмеллердің дертке шалдыққаны анықталған еді.