Теннис • 05 Қаңтар, 2022

Турнирді жеңіспен бастады

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірінші, әлемнің 14-ракеткасы Елена Рыбакина Аус­тралияның Аделаида қаласында өтіп жатқан теннистен 500 WTA турнирін жеңіспен бастады.

Турнирді жеңіспен бастады

Осы доданың 7-ракеткасы болып тір­келген Е.Рыбакина жаңа жылдағы алғаш­қы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 132-орында тұрған аустралиялық Сторм Сан­­дерс­пен өткізді. Бірінші партияда қазақ­стандық теннисші басымдық танытты – 6:4. Екіншісінде аустралиялық спортшы 6:1 есебімен есе қайтарғанымен, үшінші, шешуші сетте Е.Рыбакина мық­тылық танытып, қарсыласынан басым түсті – 6:1. Екі сағатқа созылған бәсеке барысында Елена 9 эйс жасап, 14 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана ал­ды. Қарсыласы 5 эйс, 4 брейкпен (13 брейк-пойнт) шектелді. Е.Рыбакинаның екін­­ші айналымдағы қарсыласы кейін анық­талады.