Бокс • 05 Қаңтар, 2022

Үздік бестікке енді

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әуесқой бокспен қатар кәсіпқой бокс­та да жұдырықтасып жүрген отандасымыз Қамшыбек Қоңқабаев (4-0, 3 КО) Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) рейтингіндегі көр­сеткішін айтарлықтай жақ­сарт­ты.

Үздік бестікке енді

Бірінші ауыр салмақтағы WBA Gold тұжырымы бойынша чемпиондық белдікті жеңіп алған Қоңқабаев осы ұйымның рей­тингінде тоғызыншы орыннан төр­тінші орынға дейін көтерілді. Әзірше бұл сал­мақтың көшін кубалық Юниэль Дортикос (25-2, 23 КО), ресейлік Алексей Егоров (11-0, 7 КО) және Швеция өкілі Баду Джек (25-3-3, 15 КО) бастап тұр.

Айта кетейік, Қ.Қоңқабаев 2021 жылдың желтоқсанында Алматыдағы бокс кешінде британиялық Стивен Уордты (13-2, 4 КО) техникалық нокаутпен жеңіп, WBA Gold титулын жеңіп алған еді.