Қазақстан • 08 Қаңтар, 2022

Елдік пен ерлік салтқа адал болайық

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекетіміздің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық билік тетіктерін және елдегі орын алған жағдай бойынша жауапкершілікті қолына алды.

Елдік пен ерлік салтқа адал болайық

Қарапайым халықтың талап-тілегі орындалды, газ бағасы төмендеп, жанар-жағармай реттелді. Үкімет отставкаға кетті, құрамында да өзгерістер болады.

Президент күрделі реформаларды бастайтынын айтып жатыр. Қордаланған әлеуметтік-экономикалық, саяси мәселелер кезең-кезеңімен шешілетіні анық.

Өкінішке қарай, еліміздің бірқатар аймақтарында радикалды топтар тәртіп бұзып, қала инфрақұрылымына, шағын және орта бизнеске залал келтірді, сонымен қатар азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп-қатер төндіріп жатыр. Халық арасында теріс үндеулер жүргізілуде. Бұл жағдайлардың ұшықпауы үшін құқық қорғау органдары тиісті шаралар жасап, алдын алуда. Қазір полиция және басқа да заң сақшылары күшейтілген режимде жұмыс істеуде.  

Президент өзінің халыққа жасаған Үндеуінде қазақстандықтарды іштен және сырттан болған жалған ақпаратқа сенбеуді, тәртіпсіздіктерге ермеуді, парасат пен ақылмен ғана шешім қабылдауға шықырып отыр. Сонымен қатар, жастарға жарқын болашақтарына балта шаппауын, жақындары мен туыстарының жағдайын ойлау керектігін баса айтуда.

Менің барлық саналы азаматқа айтарым, арғы арналардан келе жатқан ата-бабаларымыздың елдік пен ерлік салтқа адал болғанымыз жөн. Жастардың арандап қалуының алдын алуға үлес қосайық.

 

Рақымжан ТҰРЫСБЕК,

ЕҰУ-дың профессоры