Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында елдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша бірқатар маңызды міндеттерді атады.

Соның ішінде Президент ұсынған мұғалім тапшы өңірлердің мәселесін шешудің жаңа тәсілі қазақстандық педагогикалық қауымдастықтың көңілінен шықты.
Бұл туралы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай айтты.
«Соңғы жылдары еліміздің орта білім беру саласында елеулі реформалар қолға алынып, ол жүйелі түрде іске асуда. Олардың ішінде бағалау жүйесі, жаңартылған білім беру бағдарламасы, педагогикалық тәсілдер жаңартылды. Сонымен қатар, инклюзивті білім берудің жаңа саясаты қолданысқа енгізілді. Ал «Педагог мәртебесі туралы» Заң мұғалім мамандығының қоғамдағы беделінің артуына және олардың еңбекақысының өсуіне едәуір ықпал еткенін білеміз. Осы үрдістердің жалғасы ретінде бүгін Мемлекет басшысы мұғалімдер жетіспейтін өңірлер үшін тиісті қолдау шаралары кешені мен аймақтарға үздік мұғалімдерді тарту бойынша арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырды. Бұл – педагогикалық білім беруге жаңа бетбұрыс жасайтынына кәміл сенімдіміз», деп атап өтті Гүлмира Қанай.
Педагогикалық жоғары оқу орны басшысының айтуынша, адами капиталдың сапасын арттыру – қоғам дамуын қамтамасыз етудің басты тетігі. Ал қоғамның зияткерлік әлеуетін ілгерілетуді жүзеге асыру педагогтерге тікелей байланысты.
«Отандық педагогикалық жоғары оқу орындары талантты мұғалімдерді даярлауды одан әрмен жаңа деңгейге көтере түсу қажет деп ойлаймын. Бұл тұрғыда болашақ мамандардың сапасына жете мән берген дұрыс. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті сапалы педагогикалық білім беруді басты мақсат етіп келе жатқан оқу орны екендігін айтқым келеді. Университет ұжымы Мемлекет басшысы атап өткен міндеттерді саралап, тың ойлары мен идеяларын жүзеге асыруға ниетті. Бұл тарапта арнайы кешенді жоспарлар да қабылданатын болады. Бұл шаралар Президент ұсынған бағдарламаның сәтті жүзеге асуына, еліміздегі мұғалім тапшылығын жоюға өзіндік ықпалын тигізетініне сенімдіміз», деді ҚызПУ ректоры.
Оралда жол апатынан жүргізуші қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 16:42
Байқоңырдан «Протон-М» зымыран тасығышы ұшырылды
Оқиға • Бүгін, 15:55
Алина Дауранова конькимен жүгіруден Әлем кубогінің алтын медалін жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:12
Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушарраф қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 14:20
ТЖМ Алматы және Жамбыл облыстарында су басудың алдын алды
Аймақтар • Бүгін, 13:46
Жедел жәрдем қызметінің жұмысына өзгерістер енгізілді
Медицина • Бүгін, 12:32
Тимофей Скатов Дэвис кубогінде қарсыласын жеңді
Теннис • Бүгін, 11:40
Өткен тәулікте 27 адам коронавирус жұқтырған
Коронавирус • Бүгін, 10:48
5 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:11
«Барыс» «ЦСКА» командасымен сырт алаңда матч өткізеді
Хоккей • Бүгін, 09:31
Алматы облысының жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында тас жолдың бір бөлігі жабылды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл облысында екі балықшы мұз астына түсіп кетті
Аймақтар • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Риддердегі вокзалда 2 вагон аударылып қалды
Оқиға • Кеше
Петропавл-Алматы бағытындағы пойызда өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Алматыда жаңа автобус бағыты пайда болады
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде 28 жастағы ер адам зейнеткерді тонап кетті
Аймақтар • Кеше
Үкіметте газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
Үкімет • Кеше
Елімізде ұстаздар мерекесінің күні өзгеруі мүмкін
Қоғам • Кеше
Ақмола облысында 10 күнде 510 көлік заңдастырылды
Аймақтар • Кеше
4 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Коронавирус жұқтырған 6 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Кеше
Субсидиялардың 10-ға жуық кіші түрі жойылады - АШМ
Қазақстан • Кеше
Елордада «Open Day» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Елорда • 03 Ақпан, 2023
Үндістандағы қар көшкіні кезінде туристер қаза тапты
Әлем • 03 Ақпан, 2023
Қазақстан мен Өзбекстан сауда-саттық көлемін ұлғайтады
Үкімет • 03 Ақпан, 2023
ЕАЭО аумағына бірыңғай валюта енгізіле ме?
Қаржы • 03 Ақпан, 2023
Жетісу облысының сот ғимараттары миналанғаны рас па?
Аймақтар • 03 Ақпан, 2023
Қазақстан мен Словакия экономикалық байланысты кеңейтуге мүдделі
Экономика • 03 Ақпан, 2023
Елордада онкологиядан болатын өлім-жітім көрсеткіші азайды
Медицина • 03 Ақпан, 2023
Астанада «Вaitursynuly.kz» сайтының тұсаукесері өтті
Ахмет Байтұрсынұлы • 03 Ақпан, 2023
Махамбет Әбжан 9 жылға бас бостандығынан айырылды
Оқиға • 03 Ақпан, 2023
Таразда төрт жасар баланы тоқ соқты
Қоғам • 03 Ақпан, 2023
Ұқсас жаңалықтар