«Осы уақытқа дейін жеңілістің кермек дәмін татпаған Деметриус Андраде үшін қазақ оғланы ең қауіпті қарсылас екені даусыз. Деметриус 14 жыл бойы жалғасып келе жатқан кәсіби мансабында мұндай қауіпті қарсыласпен қолғап түйістіріп көрген емес. Андраде үшін дәл қазір Жәнібектен гөрі Геннадий Головкин, Сауль Альварес, Джермалл Чарло секілді аты мәлім боксшылармен қолғап түйістірген жөн. Егер ол Жәнібек Әлімханұлына есе жіберсе, жоғарыда аттары аталған чемпиондармен шайқас туралы армандамай-ақ қоюына болады. Ал Жәнібек Деметриусті жеңе алатын әлеуетке ие. Сондықтан Андраде екінші орта салмаққа ауысқаны дұрыс», деді ол өз ойымен бөлісіп.
Естеріңізге сала кетейік, WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Деметриус Андраденің міндетті қарсыласы саналатын Жәнібек Әлімханұлы бұған дейін бірнеше мәрте шайқасқа дайын екенін айтып, мәлімдеме жасаған болатын.