Кәсіпқой бокс • 11 Қаңтар, 2022

Әлімханұлы Андраде үшін ең қауіпті қарсылас – сарапшы

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Boxingnews24.com сайтының тілшісі, спорт сарапшысы Джим Калфа WBO тұжырымы бойынша орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы, америкалық былғары қолғап шебері Деметриус Андраде үшін Жәнібек Әлімханұлының қауіпті қарсылас екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлімханұлы Андраде үшін ең қауіпті қарсылас – сарапшы

«Осы уақытқа дейін жеңілістің кермек дәмін татпаған Деметриус Андраде үшін қазақ оғланы ең қауіпті қарсылас екені даусыз. Деметриус 14 жыл бойы жалғасып келе жатқан кәсіби мансабында мұндай қауіпті қарсыласпен қолғап түйістіріп көрген емес. Андраде үшін дәл қазір Жәнібектен гөрі Геннадий Головкин, Сауль Альварес, Джермалл Чарло секілді аты мәлім боксшылармен қолғап түйістірген жөн. Егер ол Жәнібек Әлімханұлына есе жіберсе, жоғарыда аттары аталған чемпиондармен шайқас туралы армандамай-ақ қоюына болады. Ал Жәнібек Деметриусті жеңе алатын әлеуетке ие. Сондықтан Андраде екінші орта салмаққа ауысқаны дұрыс», деді ол өз ойымен бөлісіп.

Естеріңізге сала кетейік, WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Деметриус Андраденің міндетті қарсыласы саналатын Жәнібек Әлімханұлы бұған дейін бірнеше мәрте шайқасқа дайын екенін айтып, мәлімдеме жасаған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар

Керек дерек

Digital • Кеше

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Кеше

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Кеше

Алаш дәрігері

Тұлға • Кеше

Нияз батыр

Зерде • Кеше

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Кеше

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Кеше

Пойыздағы арпалыс

Театр • Кеше

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Кеше