Аймақтар • 11 Қаңтар, 2022

Қостанайда 45 адам төтенше жағдай режимін бұзған

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысында 45 адам төтенше жағдай режимін бұзған, деп хабарлайды Egemen.kz өңірдің комендантурасына сілтеме жасап.

Қостанайда 45 адам төтенше жағдай режимін бұзған

«Өңірдің шкі істер органдарына төтенше жағдай режимін бұзған 45 адам жеткізілген. Азаматтарға қатысты әкімшілік материал жинақталып, сотқа жіберілді», делінген хабарламада.

Соңғы тәулік ішінде Қостанай қаласы полиция басқармасының ЖБО «102» пультіне қылмыстар мен құқықбұзушылықтар туралы 341 хабарлама келіп түсті. Олардың арасында ауыр қылмыс тіркелген жоқ.