2014 жылғы 12 наурыз Астана, Үкімет Үйі
«Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2014 жылға арналған квоталар белгілеу туралы
«Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2014 жылға арналған квоталар белгіленсін. 2. «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2013 жылға арналған квоталар белгілеу және «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 наурыздағы № 298 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 22, 367-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттарында: 2-тармақтың 3), 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «3) «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» жобасын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны бас мердігерлік және олардың қосалқы мердігерлік ұйымдарындағы үшінші санатқа жатқызылатын қызметкерлердің тізімдік санының 70 %-нан кем болмауы тиіс; 4) «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» жобасын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны бас мердігерлік және олардың қосалқы мердігерлік ұйымдарындағы төртінші санатқа жатқызылатын қызметкерлердің тізімдік санының 70 %-нан кем болмауы тиіс». 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 232 қаулысына қосымша
«Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2014 жылға арналған квоталар
Жобаның атауы |
Өтініш беруші |
Іске асыру орны |
Іске асыру мер-зімі |
Квота (адам) |
||||
барлығы |
Оның ішінде: |
|||||||
бірінші санат |
екінші санат |
үшінші санат |
төртінші санат |
|||||
Атырау МӨЗ-ін реконструк- циялау және жаңғырту |
«Sinopec Engineering (Group) Со.,Ltd» қазақстандық филиалы | Атырау қ., Атырау облысы | 2010- 2016 жж. | 755 | 5 | 55 | 216 | 479 |
«МГҚК «ҚазҚұрылысСервис» АҚ | 134 | 0 | 22 | 66 | 46 | |||
Жиыны |
889 | 5 | 77 | 282 | 525 |