Қоғам • 12 Қаңтар, 2022

Ыстық тамақ үлестірді

696 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қиыншылық құрсауында қалған қала үшін ереуілдің алғашқы күндері тіптен қиынға соққаны белгілі. Осы күндерде Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Қоғамдық тамақтану қауымдастығы бірлесіп, әлеуметтік мекемелер қызметкерлеріне, әскерилер мен полицейлерге ыстық тамақ үлестірді.

Ыстық тамақ үлестірді

Соңғы күндерде қалалық және модульдік ауруханалар, жедел жәрдем стансалары, перзентханалар, өрт сөндіру қызметі, балалар үйлері, сондай-ақ Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің госпитальдары, Алматы қаласының аудандық ішкі істер басқармасына ыстық тамақтың 5,9 мың порция­сы жеткізілген. 10 қаңтарда ерік­тілер соңғы 270 порцияны үлестірді.

Қоғамдық тамақтану қауым­дас­тығы төрағасының кеңесшісі Веро­ника Нұрпейісованың айтуынша, Алматы өңірлік кәсіп­кер­лер кеңесінің мүшелері ерік­тілер қатарына қосылып, нан, су тасыды. Қауіпті бола тұра ауру­ханалар, госпитальдар, балалар үй­леріндегі бекеттерге ыс­тық тамақ жеткізді. Сонымен қатар ол SMALL супер­маркеті қызметкерлеріне және адамдарға жәрдемдесу үшін азық-түлікті арзан бағамен сатып алуға көмектескен «Барыс» базарына алғыс білдірді.

Алматы қаласы өңірлік кәсіп­керлер кеңесі мүшелерінің бастамасымен 7 қаңтарда 1000 порцияны «Манар» дәмханасының қызметкерлері, 8-9 қаңтарда 4940 порцияны Lanzhou тез тамақтану мейрамханалар желісінің аспаздары дайындаған.

 

АЛМАТЫ