Футбол • 12 Қаңтар, 2022

Еуроға дайындық басталды

332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футзалдан Қазақстан ұлттық құра­масы екі аптадан соң Нидерландта жалауы желбірейтін Еуропа чемпионатына дайындығын бастады. Елордадағы жаттығу жиынына 15 футзалшы шақы­рылған.

Еуроға дайындық басталды

Рикардо Кака бастаған жаттықтырушылар штабы 2022 жылғы Еуропа чемпионатына қатысатын ойыншылардың тізімін жариялады. Оқу-жаттығу жиынынан соң нақты тізімге 14 ойыншы енеді. Еуропа чемпио­наты 19 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Нидер­ландта өтеді. Қазақстан құрамасы топтық кезеңде Словения, Финляндия және Италиямен сынға түседі.

Футзалдан Қазақстан құрамасына шақы­рылған ойыншылар: қақпашылар: Игита, Нарун Серіков (екеуі де – «Қайрат»), Рауан Атантаев («Нұр-Сұлтан»).

Алаңдағы ойыншылар: Тайнан («Эль-Посо», Испания), Дуглас, Шыңғыс Есена­манов, Альберт Ақбалықов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов (барлығы – «Қайрат»), Арнольд Кнауб («Динамо Самара», Ресей), Лео («Норильский никель», Ресей), Нұрбек Қарағұлов («Ақтөбе»), Азат Валиуллин («Аят»), Жомарт Тоқаев, Ерсұлтан Сағын­дықов (екеуі де – «Атырау»).