Теннис • 12 Қаңтар, 2022

Рейтингте рекорд орнатты

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңартылған әлемдік рейтингте бір саты жоғарылап, өзінің және Қазақстанның жеке рекордын жаңартты.

Рейтингте рекорд орнатты

Бұған дейін дүниежүзілік рейтингте 14-орында тұрған Елена Рыбакина күні кеше жаңарған ең үздік теннисшілердің тізімінде 13-сатыға жайғасып, үздік ондыққа жақындай түсті. Осыдан бірер күн бұрын ол Аустралияда мәресіне жеткен турнирдің финалында бақ сынап, бас жүлде үшін өткен бәсекеде әлемнің 1-ракеткасы, аустралиялық Эшли Бартиден екі сетте 6:3, 6:2 есебімен жеңіліп қалған еді. Сондай-ақ жаңарған рейтингте Юлия Путинцева 43-сатыда болса, Зарина Диас 102-ден 108-орынға сырғыды.

Ерлер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 35-орнын сақ­тап қалды. Ал Дмитрий Попко 180-нен 177-ге, Михаил Кукушкин 182-ден 180-ге көтерілді.