Таиландта ауыр атлетикадан 17 және 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионаты өтуде. Бұл туралы Қазақстан ауыр атлетика федерациясы хабарлады.
Чемпионатта 20 жасқа дейінгі жастар арасында 69 киолға дейінгі салмақта күш сынасқан 18 жасар зілтемірші Альберт Линдер жұлқа көтеруде 132 килоны, серпе көтеруде 166 килоны басынан асырып, жастар арасында үздік атанды. Сөйтіп, ол барлығы 298 кило (132+166) салмақты бағындырды. 62 кило салмақ дәрежесінде сынға түсіп жүрген Әділбек Балхаев ешқандай жүлде алмады. Ол 269 килоны (122+147) көтеріп, төртінші орынға ие болды. Ал 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер жарысында Қазақстан құрамасы өздерін жақсы қырынан көрсетуде. Мәселен, Селімхан Әбубәкіров 94 килодан аса салмақ дәрежесінде 350 кило (160+190) көрсеткішімен Азия чемпионы атанды. Тағы бір отандасымыз 69 кило салмақта күш сынасқан Михаил Макеев күміс жүлдеге ие болды. Ол 271 килоны (122+149) көтере алды. Тимур Хасаров деген спортшымыз 56 кило салмақ дәрежесінде жетінші (98+120=218 кило) орынды қанағат тұтты.
Дастан Кенжалин.
Дереккөз: hffp://wfrk.kz.
Фото: hffp://wfrk.kz.
• 13 Наурыз, 2014
Ауыр атлетикадан екі спортшымыз Азия чемпионы атанды

«Ұлы дала: Тұран өркениеті» халықаралық зерттеу орталығы ашылды
Ғылым • Бүгін, 18:40
Таеквондошылар төртінші жүлдеге қол жеткізді
Спорт • Бүгін, 18:05
«Келешек мектептері» оқушылары арасында футзалдан республикалық турнир аяқталды
Келешек мектептері • Бүгін, 18:03
Қасым-Жомарт Тоқаев: БҰҰ превентивті дипломатияға баса назар аудару керек
Президент • Бүгін, 17:59
Президент бүгінгі көшбасшылардың бойынан табылуға тиіс қасиеттерді атады
Президент • Бүгін, 17:48
Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керек
Президент • Бүгін, 17:35
Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты
Президент • Бүгін, 17:31
Қазақстан ұшу қауіпсіздігі деңгейі бойынша үздік 20 елдің қатарына енді
Қазақстан • Бүгін, 17:23
Елімізде 165 мың педагог ChatGPT Edu жүйесін қолданады
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:15
Цементке сұраныс артты: Баға 13,7 пайызға қымбаттады
Экономика • Бүгін, 16:59
Маңғыстауда заңгерлер тұрғындарға тегін кеңес берді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:40
Шығыс Қазақстан облысында үш экопарк салынады
Аймақтар • Бүгін, 16:32
Елімізде қызылша жұқтыру көрсеткіші 30%-ға төмендеді
Денсаулық • Бүгін, 16:20
Жазда жаңа халықаралық әуе бағыттары іске қосылады
Қоғам • Бүгін, 16:13
Каспий жағалауынан 100-ге жуық итбалықтың өлексесі табылды
Оқиға • Бүгін, 15:57