ESPN телеарнасының тілшісі Бернардо Пилатти Деметриус Андраде екінші орта салмаққа ауысқан жағдайда қазақ оғланы мексикалық Хайме Мунгиямен жұдырықтасады деп есептейді.
«Турасын айтсақ, Жәнібек Әлімханұлы кез келген мықты боксшы үшін ең бір қауіпті қарсылас саналатыны мәлім. Соққысы сойқан, стилі ерекше боксшымен қолғап түйістіруге кез келген мықты тәуекелге бармасы анық. Сондықтан Деметриус Андраде екінші орта салмаққа ауысса, WBO тұжырымы бойынша бос қалған белбеуге Жәнібек пен Хайме Мунгия таласады деп есептеймін. Бір-біріне лайықты қарсыластардың шайқасы жанкүйерлерді қызықтыратыны даусыз», дейді ол.