Бокс • 13 Қаңтар, 2022

Табысты боксшылар тізімі

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйгілі The Mirror басылымы 2021 жылы бокс пен аралас жекпе-жек өкілде­рінің арасындағы табысты спорт­шылардың тізімін жариялады.

Табысты боксшылар тізімі

Ең көп қаржыға кенелген спортшылардың рейтингін Сауль «Канело» Альварес бастап тұр. «Сары баладан» кейінгі орынға былтыр бірде-бір айқас өткізбеген Флойд Мейвезер мен аралас жекпе-жек жұлдызы Конор Макрегор жайғасқан. «Канело» бір жылда – 65,7, Мейвезер – 48,2 және Макрегор – 36,4 миллион фунт стерлинг табыс тапқан.

Сондай-ақ қалталы спортшылардың ондығында Джейк Пол (31,0 миллион стерлинг), Логан Пол (15,0), Энтони Джошуа (15,0), Тайсон Фьюри (13,0), Деонтей Уайл­дер (8,20), Дастин Порье (8,20) және Билли Джо Сондерс (5,70) бар.