14 Наурыз, 2014

Мемлекеттік мекеме міндеті салмақты

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысының Жар­лы­ғымен «Назарбаев орталы­ғы» көпфункциялы ғылыми-тал­дамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік меке­месі арқауында «Қазақстан Рес­пуб­ликасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мем­лекеттік мекемесін құру қарас­тырылады. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елба­сының кітапханасы» мем­ле­кеттік мекемесі Қазақстан Рес­публикасының Тұңғыш Пре­зиденті – Елбасының жеке кі­тап­ханасы мен жеке мұ­ра­ғатының жұмысын қамтамасыз ету, Қа­зақстанның қалыптасу және да­му тарихын зерттеу, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Тұң­ғыш Президенті – Елбасының идея­лары мен бастамаларын ел ішін­де және шетелдерде ғылыми-тал­дамалық және ақпараттық-имидж­дік ілгерілету мақсатында құрылды. Сонымен қатар, Қазақстан Рес­­пуб­ликасының Үкіметіне бір­қатар тапсырма, соның ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Астана» ұлттық сурет галереясы» республикалық мемлекеттік мекемесін құру жө­нінде тапсырма берілді. Қазақстан Республикасы Пре­­зид­енті Кеңсесінің Бастығы М.Б.Қа­­сым­бековке «Қазақстан Рес­пуб­ликасының Тұңғыш Прези­денті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің директоры міндетін атқару жүктелді.