Хоккей • 14 Қаңтар, 2022

«Барыстың» кезекті ойыны шегерілді

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынап жатқан елордалық «Барыс­тың» қатарынан екінші матчы коронавирус індетіне байланысты кейінге қалдырылды.

«Барыстың» кезекті ойыны шегерілді

Қазақстандық команда кеше Подольскі­де жергілікті «Витязь» командасымен ойнауы керек еді. Алайда «Витязьдің» 4 спорт­­шысынан коронавирус анықталып, вирус­тың таралуын болдырмас үшін ҚХЛ басшылығы бұл ойынды да кейінге шегеруге мәжбүр болды. Сондай-ақ мұның алдында дәл осындай жағдайға байланыс­ты «Барыстың» «Торпедомен» (Нижний Новгород) ойыны да шегерілген еді. Құр­лықтық хоккей лигасының президенті Алек­сей Морозовтың айтуынша, кейінге қал­дырылған ойындардың күнтізбесі және чем­пионатқа қатысты соңғы шешім ­Олим­пиа­далық үзіліс кезінде, яғни 23 қаңтардан кейін бекітіледі.

ҚХЛ-дан бөлек, шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионаты да уақытша тоқта­тыл­ған болатын. Елде төтенше жағдайдың ен­гі­зілуіне байланысты үзілістен кейінгі ал­ғаш­қы матчтар 24 қаңтарда өтуге тиіс. Елі­­міз­дегі жағдай тұрақталып, төтенше жағ­дай аяқталғаннан кейін ғана матчтар басталады.