Оқиға • 16 Қаңтар, 2022

520 литр спирт тәркіленді

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавл қаласының қақ ортасындағы Бостандық көшесіндегі қойма бөлмелерінің бірінен 520 литр лицензияланбаған спирттік сұйықтық және акциздік маркалары жоқ 259 блок темекі өнімдері тәркіленді, деп жазады Egemen.kz.

520 литр спирт тәркіленді

Жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы, полиция майоры Рустам Садуловтың айтуына қарағанда аталған заңсыз тауарлардың иесіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 463-бабының 1-бөлігі бойынша материал жиналған.

Баптың санкциясымен жеке тұлғаларға қатысты 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл көзделген.

Жыл басынан бұл СҚО полицейлері тәркілеген лицензияланбаған алкогольдің ең ірі партиясы.