Аймақтар • 17 Қаңтар, 2022

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні болды

875 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысының Катон-Қарағай ауданындағы Согорное-Барлық тас жолының екі учаскесінде қар көшкіні орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні болды

Катонқарағай ауданында «Согорное-Барлық» автожолының 11-ші шақырымында ауа температурасының көтерілуі мен желдің қатты екпініне байланысты көлемі 30 текше метр, ал екінші учаскенің 14-ші шақырымында көлемі 150 текше метр қар көшкіні түсті.

«Оқиға орындарына жергілікті атқарушы органдардың техникасы дереу тартылды. Қар көшкіні ауданның тыныс-тіршілігіне әсер еткен жоқ, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», деп хабарлады ТЖД.

Жуырда «Қазселденқорғау» және ШҚО ТЖД мамандары 2022 жылдың 17 қаңтарына дейін аймақтағы көшкін қаупі туралы хабарлады. Мамандар көшкін қаупі бар ошақтардан өту кезінде тұрғындарға аса мұқият болу керектігін айтты.

Айта кетсек, облыс аумағында көшкін қаупі бар 497 ошақ бар, олардың 336-сы құрылыстарға, автожолдарға және адамдардың өміріне қауіп төндіреді.