Жетісудағы дүрбелеңнің дабысы алыстағанмен, аймақта әлі де террорлық қауіптің «қызыл деңгейі» сақталып отыр. Қазір өңірде әлеуметтік нысандар мен қоғамдық көліктің жұмысы толық қалпына келіп, адамдардың бойындағы үрей сейіле бастағандай. Алайда облыс орталығы маңындағы ауылдарда әскерилер қосымша операциялар жүргізіп жатқаны жөнінде ақпарат та бар.

Жалпы, жаппай тәртіпсіздік кезінде Алматы облысында 337 адам медициналық көмекке жүгінгені анықталды. Оның ішінде жарақат алғандардың 13-і әскери қызметкер. Оқиғада зардап шеккендер қатары Талдықорған қаласында көп болып тұр. Осы күндері облыс орталығындағы көп салалы ауруханаға 114 адам көмек сұрап жүгінген.
– Біздің мекемеге зардап шеккен 114 адам жүгініп, оның 25-і ауруханаға жатқызылды. Қалғандарына тиісті амбулаторлық ем жасалды. Күрделі кезеңде ауруханада дәрігерлердің күшейтілген бригадасы жұмыс істеп, зардап шеккендерге жоғары деңгейде медициналық көмек көрсетті. Қазір ауруханаға түскен 25 адамның 15-і жазылып шықты. Операция жасалған 10 адам оңалту ем шараларын қабылдауда. Олардың денсаулығы бірте-бірте түзеліп келеді, – дейді Талдықорған қалалық көп салалы ауруханасының директоры Жұмахан Молдағұлов.
Айтпақшы, Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев аталған көп салалы ауруханаға барып, бүлік кезінде зардап шеккен азаматтардың денсаулық жағдайын білді. Әкім жараланған қарапайым азаматтармен және күштік құрылымдар өкілдерімен тілдесті. Қызметтік міндеттерін адал орындап, қайсарлық пен батырлықтың үлгісін көрсеткендері үшін әскери мамандарға алғыс білдірді. Олардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетілетінін айтты.
Өкінішке қарай, жетісулықтар «қаңтар қырғыны» кезінде қаза болған жерлестерін жер қойнына тапсырып жатыр. Соның бірі Алматы қаласындағы жаппай тәртіпсіздікке тойтарыс кезінде бұзақылар қолынан мерт болған шекара қызметінің арнаулы мақсаттағы ұтқыр іс-қимылдар тобының техник-жүргізушісі, 22 жастағы Шавкат Армидинов болатын. 2000 жылы 21 шілдеде Ұйғыр ауданы, Үлкен Диқан ауылында дүниеге келген жас жауынгер 2020 жылы Қордайдағы шекара бекетінде әскери борышын өтеп, кейіннен сол бөлімде келісімшартпен қызметке қалаға кеткен. Жақында Отан алдындағы борышына адал болып, ел тұтастығын сақтау жолында ерлікпен қаза тапқан жас ұланның денесі өзінің туған жері – Үлкен Диқан ауылына жеткізіліп, аудан жұртшылығы оны ақтық сапарға шығарып салды.
Сондай-ақ жаппай тәртіпсізік салдарынан облыстағы 120 кәсіпкерлік нысаны зардап шеккен көрінеді. Негізгі шығынға батқан кәсіпкерлер Талдықорған қаласы, Қарасай, Жамбыл, Ақсу аудандарынан анықталған. Алдын ала есептеулер бойынша келтірілген залалдың жалпы сомасы 8,5 млрд теңгеден асып отыр. Мәселен, облыс орталығында «Қарағаш» сауда үйі мен ондағы 5 бутик, Sulpak тұрмыстық техника дүкенінің 3 желісі, 2 Technodom техника дүкені, Small супермаркеті, полиция департаменті мен облыс әкімдігінің асханалары зардап шекті, Қарасай ауданында «Апорт» сауда және ойын-сауық орталығында 70-ке жуық дүкен мен бутик және «Алтын орда» базарының 20-ға жуық сауда дүкені, сондай-ақ 2 жанармай бекеті, Ақсу ауданында 1 кәсіпорын, Жамбыл ауданында 1 жанармай құю стансасы және басқа да нысандар тоналып, өртелген.
Алматы облысы
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағын жеңіп алды
Бокс • Бүгін, 09:42
Қарағанды облысында 41 мың адам жұмыспен қамтылады
Аймақтар • Бүгін, 09:10
Елордада жеңіл атлетикадан марафон ұйымдастырылды
Елорда • Кеше
Қызылорда облысында абайсызда арыққа құлап кеткен сәби көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі жарылыстан бір нәресте шетінеді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысында 15 жастағы балаға найзағай түсіп көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Елімізде 9,5 миллионға жуық адам КВИ-ге қарсы екпе алды
Коронавирус • Кеше
Шымкенттегі перзентхана маңында жарылыс болды
Оқиға • Кеше
Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
Роман Скляр жұмыс сапарымен Ашхабадқа барды
Үкімет • Кеше
Шетелдегі Қазақстан азаматтары референдумға қатыса алады
Қазақстан • Кеше
Елімізде бір тәулікте 3 адам коронавирус жұқтырды
Қазақстан • Кеше
21 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
Белгілі этнограф, суретші Ералы Оспановтың кітаптарының тұсаукесері өтеді
Өнер • 20 Мамыр, 2022
Смайылов ТМД елдерін азық-түлік бағасымен күресте күш біріктіруге шақырды
Саясат • 20 Мамыр, 2022
Солтүстік Кореяда ковидке шалдыққандар саны 2 миллионнан асты
Әлем • 20 Мамыр, 2022
«Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшыларына кепілді өтем төлеу мерзімі аяқталады
Экономика • 20 Мамыр, 2022
Алматыдағы 3 жолайрықтың құрылысы келесі жылы аяқталады
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
«Астрахань-Маңғыстау» су құбыры күрделі жөндеуді талап етеді
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
Маңғыстауда 10 мектептің директоры айыппұл төледі
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
«Ақ қауырсын» әдеби сыйлығының иегерлері анықталды
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
Ұқсас жаңалықтар